Ұлыбритания мен Ирландияда «Эовин» дауылына байланысты жүздеген рейс тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қатты жел туралы шұғыл ескертулер бүкіл Ирландияны және Шотландияның кейбір бөлігін қамтып отыр, деп хабарлайды Sky News.

самолет
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Ұлыбританиядағы теміржол және әуе қатынасы тоқтатылып немесе кешіктіріліп отыр, ал Солтүстік Ирландияда, Шотландияның орталығы мен оңтүстігіндегі мектептер жабылды.

Глазго, Эдинбург, Манчестер, Ньюкасл, Ливерпуль және Дублин әуежайларында жүздеген рейс тоқтатылды.

Лондонның Хитроу әуежайы да жұма күні рейстердің тоқтатылғанын және сенбіде «аз саны» тоқтатылатынын хабарлады.

Бірқатар мемлекеттік орган азаматтарды егер бұл өте маңызды болмаса, сапарға шықпауын ескертті, ал National Rail жолаушыларға сапарға шықпас бұрын соңғы ақпаратты тексеруге кеңес берді.

Ирландияда желдің жылдамдығы шамамен 183,5 км/сағ болып тіркелді. 

Қызыл ескертулер Солтүстік Ирландияда жұма күні таңғы сағат 07:00-ден 14.00-ге дейін, ал батыс және орталық Шотландияда 10.00-ден 17.00-ге дейін күшінде болады.

Сары ескертулер Ұлыбританияда да бар.

Бұған дейін Торнадо қаупіне байланысты Ұлыбританияның бірқатар өңірінде сирек қызыл дабыл белгісі жарияланғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар