Ұлыбритания мейрамханасында тағамның ішінен інжу шықты

маржан
Фото: The Quayside

АСТАНА. KAZINFORM — Британдық азамат мейрамханада тапсырыс берген мидиядан (маллюсканың бір түрі) інжу тауып алып, оны сүйіктісіне сыйлады. Бұл туралы ВВС хабарлады. 

Басылымның мәліметінше, ер адам мейрамханада өзімен бірге келген әйелдің туған күнін тойламақ болған.

Ер адам теңіз өнімдеріне тапсырыс бергендердің бірін жеп жатқанда аузында қатты бірдеңені байқаған, ол кішкентай інжу болып шықты.

маржан
Фото: The Quayside

Ол оны өзімен бірге келген серігіне сыйлаған.

— Мен мидия және сол сияқты теңіз өнімдерін көп жегенмін, бұған дейін мұндай жағдай болған емес. Мен мұның қаншалықты сирек екенін google-дан іздедім, менің ойымша, бұл 10 000 жағдайда бір кездеседі, — деді ол.

Інжу табылған мейрамхана апта сайын 25 келі мидия сатады екен, бірақ бірінші рет інжу шыққан.

Соңғы жаңалықтар
telegram