Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Өзбекстанға барды

Дэвид Кэмерон Өзбекстанға барды
Фото: UzA

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Ташкентке келді. Бұл туралы UzA агенттігі хабарлады.

Дәл қазір Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің жоғары мәртебелі мейманы елдің сыртқы саясат басқармасының басшысы Бахтиёр Саидовпен кездесуі өтіп жатыр.

Кездесуде аймақтық қауіпсіздік, білім беру, климаттың өзгеруі, екіжақты сауда және іскерлік қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқылануда.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан және Моңғолияға баруды және сапарлар барысында Ұлыбританиямен сауда, қауіпсіздік және экология мәселелері бойынша қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында келіссөздер жүргізуді жоспарлаған.

Бұған дейін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келетінін жазған едік.

The Independent газетінің хабарлауынша, Кэмерон Орталық Азия «Ұлыбритания алдында тұрған ең үлкен сынақтардың ортасында» екенін ескертіп, өзінің «еңбекпен жеңіп алған егемендігін» қолдауға бағытталған бірқатар шараларды жариялайды.

 

Соңғы жаңалықтар