Ұлыбританияда атом сүңгуір қайығынан өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбританиядағы BAE Systems атомдық сүңгуір қайығының жөндеу жұмыстарын жүргізетін орнына өрт шықты, деп хабарлайды BBC. https://t.me/bbcrussian/72179
Британдық атомдық сүңгуір қайықтар салынатын Барроу-ин-Фернестегі оқиға орнына шұғыл қызмет жергілікті уақыт бойынша сағат 00:44 шамасында шақырылды.
Өрт салдарынан екі адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді.
Полицияның мәлімдеуінше, «ядролық қауіп жоқ». Алайда жергілікті тұрғындарға үйден шықпауға және терезені ашпауға кеңес берілді.
BAE Systems — Ұлыбританияның ең ірі қорғаныс компаниясы және әлемдегі ең ір компаниялардың бірі.
Барроу-ин-Фернестегі BAE Systems – Еуропада көлемі жағынан екінші орында тұрған жабық кеме құрастыру кешені. Қазіргі кезде онда төрт атомдық сүңгуір қайық салынып жатыр.
Бұған дейін Ұлыбритания барлық құрылғыларды USB-C арқылы қуаттауға міндеттеуі мүмкін екені туралы жаздық.