Ұлыбританияда автобуста музыканың даусын даңғырлатқандарға айыппұл салынбақ

АСТАНА. KAZINFORM — Англиядағы барлық муниципалитетке автобуста жүру ережелерін бұзған жолаушыларға 100 фунт стерлингке (60 000 теңге) дейін айыппұл салуға мүмкіндік беретін ресми нұсқаулық берілді Kazinform агенттігінің Лондондағы меншікті тілшісі.

Ұлыбританияда автобуста музыканың даусын даңғырлатқандарға айыппұл салынбақ
Фото: Anadolu

Атап айтқанда, қатты музыка ойнату, бейнелерді құлаққапсыз көру, вейпинг, қоқыс тастау және қорқыту әрекеттері айыппұл салуға негіз болмақ. Автобус жүргізушілері жаңа шаралардың орындалуына жауапты болмайды. Ереже бұзғандармен көлік инспекторлары мен полиция айналысады.

Тәртіп бұзушыға алдымен ережелер және олардың басқа жолаушыларға әсері түсіндіріледі. Егер адам бұл ережені орындаудан бас тартса, қызметкерлер шара қолданып, айыппұл салуы мүмкін.

Жолаушыларға пойыздарда құлаққап тағу ұсынылады.

Сонымен қатар Ұлыбританияда құлаққапсыз музыка тыңдамауға, бейнеролик көрмеуге және басқаларды мазаламауға шақыратын бүкілұлттық науқан басталды.

«Шу емес, вагон ортақ» деп ұрандатқан науқан аясында жолаушыларға пойызда құлаққап тағу жайлы ескертіледі. Теміржол компанияларының сайттарында және әлеуметтік желілерде, вагондарда және станцияларда да ескертпелер ілінеді. Плакаттар мен хабарландырулар қолданылады.

Егер жолаушы уәкілетті қызметкердің өтінішін елемесе, оны келесі станцияда пойыздан түсіруі мүмкін. Кейбір жағдайларда 1000 фунт стерлингке (600 000 теңге) дейін айыппұл салынады.

Бұған дейін Еуропарламент жолаушылардың құқықтарын күшейтуді мақұлдағанын хабарлаған едік.