Ұлыбританияда Хайят Тахрир аш-Шам террористік ұйымдар тізімінен шығарылуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбритания үкіметі «Хайят Тахрир аш-Шам» тобын тыйым салынған террористік ұйымдар тізімінен шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр.

BBC телерадиокорпорациясына сұхбат берген Ұлыбританияның Үкіметаралық байланыс министрі Пэт МакФадден Сириядағы көтерілісшілер Башар Асадты тақтан тайдырғаннан кейін елдегі жағдайдың тұрақсыз болып қалғанын айтты.
Дүйсенбіде BBC Radio 4-те сөйлеген МакФадден «Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымының мәртебесін қайта қарау шынымен талқыланып жатқанын растады.
- Иә, бұл мәселені қайта қарау қажеттігі анық. Бұл ұйымға ұзақ уақыт бойы тыйым салынып келді. Ұйым басшысы бұрын айтылған кейбір сөздерінен бас тартты. Ол азшылыққа тап болғандарды қорғау, адамдардың құқықтарын сақтау туралы дұрыс дүниелерді айтып жүр. Сондықтан біз бұл тақырыпты жақын күндері жан-жақты қарастырамыз, - деді ол.
Британдық саясаткердің айтуынша, егер Сириядағы жағдай тұрақтанса, кез келген жаңа режиммен жұмыс істеу туралы шешім қабылдау қажет.
Айта кетейік, «Хайят Тахрир аш-Шам» 2017 жылы «Әл-Қаидамен» байланысы үшін Ұлыбританияда террористік ұйым деп танылды (Қазақстанда бұл ұйымға Жоғарғы соттың 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынған).