Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Риши Сунак Microsoft-та кеңесші болып жұмыс істейді

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Риши Сунак Microsoft технологиялық алыбы мен Anthropic жасанды интеллект стартапында жоғары кеңесші лауазымын атқаратын болды, деп хабарлайды Reuters.

Экс-премьер Великобритании начал работать в Microsoft
Фото: Anadolu

Сунак Microsoft-та макроэкономикалық және геосаяси үдеріске стратегиялық көзқарас қалыптастырады.

Ол сонымен қатар АҚШ-тың Anthropic стартапына стратегия, макроэкономикалық және геосаяси үрдістер мәселелері бойынша кеңес береді. Бұл қызмет Ұлыбританияның саясатына емес, жаһандық стратегиялық мәселелерге бағытталған және Сунаққа Anthropic атынан Ұлыбритания үкіметінің шенеуніктерімен байланыс орнатуға тыйым салынды.

Өткен жылғы шілдеде өткен жалпы сайлауда жеңілгеннен кейін Консервативтік партияның көшбасшысы қызметінен кеткен саясаткер британиялық парламент депутаты болып қала береді.

Бұрынғы премьер-министр екі компаниядан түскен барлық табысты әйелі Акшата Муртимен бірге құрған The Richmond Project қайырымдылық қорына жіберілетінін хабарлады.

Еске сала кетсек, шілде айында Риши Сунак әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs-те кеңесші болып жұмысқа орналасты.

Бұған дейін Ұлыбританияның вице-премьері даудан кейін қызметінен кеткенін хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар