«Ұлытау» ӘКК» басқарма төрағасы тағайындалды
«Ұлытау» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның басқарма төрағасы болып Нұрлан Садыбеков тағайындалды.

Нұрлан Майданұлы 1983 жылы туған. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласында «ПК Вахтель и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маркетинг менеджері ретінде бастаған.
2008 — 2014 жылдары Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінде қызмет еткен.
2014 — 2015 жылдары Павлодар облысы, Ақсу қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болды.
2015 — 2019 жылдары Павлодар облысы, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары болған.
2019 — 2020 жылдары Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.
2020 — 2021 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимиялық қызметтің Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының» директоры болған.
2021 — 2024 жылдары бизнес саласында басшылық қызметтерде болған.
2024 жылы «Ұлытау» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпарациясы» басқарма төрағасының орынбасары болды.
Осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Ұлытау облысында балабақша бухгалтері 16 млн теңгені жымқырып қалған
Осыған дейін Ұлытау облысында балабақша бухгалтері 16 млн теңге жымқырып қалғаны туралы жазған болатынбыз.