Ұлытау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ауысты

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Марат Сұлтанбекұлы Айдашев Ұлытау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып (арнайы тексерістің нәтижесі келгенше дейін) тағайындалды.

Марат Айдашев
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Марат Сұлтанбекұлы Айдашев 1971 жылы туған. Павлодар педагогикалық университетін «Дене шынықтыру мұғалімі», Қайнар университетін «Заңтану» және Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Әлеуметтік білім» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар қаласындағы «Батыр» арнайы олимпиадалық резервті жасөспірімдер мектебінде дзюдо бойынша жаттықтырушы болып бастаған.

2002-2009 жылдар аралығында «Астана батыр» клубында дзюдо бойынша аға жаттықтырушы, ҚР дзюдо бойынша ұлттық команданың басшысы болған.

2010 жылы Павлодар облысының құрылыс басқармасында және облыс әкімінің аппаратында қызмет атқарды.

2012-2020 жылдар аралығында Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.

Ұлытау облысына тағайындалмас бұрын «Жеңіс» спорт клубының атқарушы директоры болды.

Еске салсақ, 2024 жылғы 9 желтоқсанда Ұлытау облысы Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы лауазымына Жасұлан Рүстемов тағайындалған болатын. Сол күні Ұлытау облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің де басшысы ауысты. Бұл қызметті Нұржан Қарақожаев атқаратын болады. 

Соңғы жаңалықтар