18:20, 12 Маусым 2025 | GMT +5
Ұлытау облысы сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді
ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытау облысы сот алқасының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды. Болжам бойынша, ол үшінші тұлға арқылы ірі соманы қолды қылған.

Жезқазғанда Ұлытау облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Шайқамалов ұсталды.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, судья адвокат арқылы үлкен сомада пара алған. Ұстау кезінде ақшаның бір бөлігі тәркіленді.
Жемқорды құрықтау операциясын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің қызметкерлері Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдерімен бірлесіп жүргізді.
Осыған дейін қазақстандықтар жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы ала алатыны жайлы хабарлаған болатынбыз.