Ұлытау облысын жатаған укекіре жайлап, карантин енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлытау облысының 2 ауданы мен Жезқазған қаласы аумағын жатаған укекіре жайлап, карантин енгізілді. Осыған орай өңір басшысының қаулысы Ашық НҚА порталында жарияланды.

арам шөп
Фото: GOV.KZ

- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұлытау облысы аумағында карантин режимні енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін. «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын, - делінген құжатта.

Ресми мәліметке сәйкес, Жаңаарқа ауданында 3 983,5 гектар, Ұлытау ауданында 5 165,51 гектар және Жезқазған қаласында 2 592,11 гектар жер жатаған укекіремен залалданған.

Айта кетейік, жатаған укекіре - еліміздің аумағында таралған ең зиянды және жою қиын арамшөптердің бірі. Егістіктерді бітеп тастайды. Барлық дақылдың шығымдылығын және жайылымдардың өнімділігін күрт төмендетеді, жемшөп сапасын нашарлатады.

Бұған дейін Ұлытауда ауыл шаруашылығы басқармасының экс-басшысы мен орынбасарына қатысты тергеу басталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар