Ұлытау облысына неліктен айрықша статус берілмей отыр

берік әбдіғалиұлы
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірге «экологиялық апат алдындағы аймақ» статусын беру бастамасы қай сатыда екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Алғашқы ұлттық құрылтайдың алдында Ұлытау облысына «Экологиялық апат алдындағы аймақ» статусын беру туралы мәселе көтеретініңізді айтып едіңіз. Бұл мәселе қашан шешімін табады?» деп сұрады журналист орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Берік Әбдіғалиұлы Үкіметтің алдына ол бастаманы қойғанын атап өтті.

«Былтыр айтқан сол жұмыс әлі жүріп жатыр. Үкімет «Дәлелдеңдер» деді. Дәлелдеу үшін қаражат бөлдік. «Экосервис» деген компания ұтып алып, сол қаржыға бүкіл облыстың жеріне, суына, ауасына - бәріне зерттеу жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі ендігі жылы ғана шығады. Соның қорытындысы бойынша ғана өңір апатты ма, апатты емес пе дегенді анық айта аламыз. Егер нәтижесі апатты десе, онда біз айрықша мәртебе сұраймыз. Апатты емес десе, негіздеме жоқ. Онсыз ұсынысыңыз негізсіз деп Үкімет қайтарып береді», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар