Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлытау облысында 25-тен астам ірі әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық жоба жүзеге асырылады

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Президент тапсырмасы бойынша Ұлытау облысында 25-тен астам ірі әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылады.

Ұлытау облысында 25-тен астам ірі   жоба жүзеге асырылады
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен сұхбат барысында мәлімдеді.

Есет Байкен
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Үкіметтің қолдауымен өңірде әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 25-тен астам бірінші кезектегі жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары басталды. Аталған жобалар ұлттық компаниялар және ірі бизнес өкілдерімен бірлесіп іске асырылады.

Өңірдің стратегиялық серіктестерінің бірі – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС. Облыс әкімдігі мен корпорация арасында Жезқазған қаласында заманауи теннис орталығын салуды және 6 мың көрерменге арналған жаңа жабық футбол стадионын жобалауды көздейтін меморандумға қол қойылды.

меморандум
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Облыс әкімінің айтуынша, жаңа спорт нысандары тұрғындарға, әсіресе балалар мен жастарға спортпен шұғылдануға қосымша мүмкіндіктер береді.