Ұлытау облысында 38 келі марихуана мен қару-жарақ табылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысында есірткі заттарын заңсыз айналымға жеткізудің өңіраралық арнасының жолы кесілді. 

Ұлытау облысында 38 келі марихуана мен қару-жарақ табылды
Фото: Polisia.kz

Бұл жұмыс «Қарасора — 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді.

Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен өңір тұрғыны ұсталды.

Тінту кезінде жалпы салмағы 38 келі марихуана тәркіленді. Сонымен қатар қос ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілер табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша есірткі заттары заңсыз айналымға енгізу мақсатында еліміздің оңтүстік өңірлерінен Ұлытау облысына жеткізілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысында есірткінің жеткізілу көзі, тасымалдау жолы және қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталады. 

Айта кетелік Петропавлда ірі мөлшерде есірткі таратпақ болды деген күдікпен Астана тұрғыны ұсталған еді