Ұлытау облысында алимент бойынша 8 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM – Өңірде жалпы алимент бойынша берешегі 43 млн теңге болатын 22 борышкер букмекерлік кеңселердің сайттарында тіркеліп, айналымы 10,6 млн теңгеге бәс тігіп, оның 6,8 млн теңгесін ұтыс ретінде қолма-қол алғандығы анықталды. 

алименты
Коллаж: Kazinform

Ұлытау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Шара аясында борышкерлердің тұрғылықты мекенжайлары араланып, атқару құжаттардың талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарлама табысталып, мемлекет пайдасына және алимент берешектерін өтеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты жазадан құтылмау қағидатын сақтау, айыппұл мен алиментті төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер мен іздеуде жүрген автокөлік құралдарын анықтауға бағытталды.

Ұлытау облысы прокуратурасының мәліметінше бүгінгі күнге Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 8 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, 3 әкімшілік жауаптылыққа тартылды, алимент бойынша 4,8 млн теңге өндірілді.

— Алиментті төлеу міндеттемелерін орындауы үшін қажетті шаралар қабылданып, 2 борышкердің көлігі арнайы тұраққа қойылды, 5 борышкердің жүргізуші куәліктері уақытша тоқтату үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар өңірде жалпы алимент бойынша берешегі 43 млн теңге болатын 22 борышкер букмекерлік кеңселердің сайттарында тіркеліп, айналымы 10,6 млн теңгеге бәс тігіп, оның 6,8 млн теңгесін ұтыс ретінде қолма-қол алғандығы анықталды, — делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетелік Жамбыл облысында бес баланың анасы жеті жыл бойы алимент төлемеген.

Соңғы жаңалықтар