Ұлытау облысында балабақша бухгалтері 16 млн теңгені жымқырып қалған

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде Жәйрем кентінің «Балдырған» балабақшасының бухгалтері бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

 Балабақша бухгалтері 16 млн теңгені жымқырып қалған
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

Бухгалтер қызметкерлердің есепшоттарына белгіленген жалақы мөлшерінен жоғары қаражатты негізсіз аударған.

— Негізсіз аударылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 15,9 млн теңге болды, — делінген хабарламада.

Қаражал қалалық сотының үкімімен бухгалтерге Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2)тармағы бойынша 10 жыл мерзімге ұйымдар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға байланысты бухгалтерлік және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру түріндегі жазасы тағайындалды. 

Айта кетелік Маңғыстау облысында балабақша директор мен есепші ата-аналар төлеген ақшаны өздерінің жеке шоттарына аударып алғаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар