Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлытау облысында балаларды қамқорлығына ала тұрып, бірнеше жыл бойы құлдықта ұстаған әйел құрықталып, қамауға алынды. Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Бахрейн
Фото: shutterstock

«Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазды Динара Закиева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Ұлытау облысында 5 жыл бойы фермада жұмысқа жегіліп, құлдықта болған балаларға барғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар