21:39, 24 Сәуір 2025 | GMT +5
Ұлытау облысында биыл қайтарылған активтер есебінен 11 нысан салынады
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысында қайтарылған активтер есебінен бірқатар нысандар салынып жатыр.

Арнайы қорға бөлінген қаражаттан өңірге 4 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды.
— Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті мемлекетке қомақты қаражатты, оның ішінде шетелден де, қайтарып жатыр. Бұл қаражаттар 2025 жылы пайдалануға берілуі жоспарланған 11 маңызды нысанды салуға бағытталды, — деді Ұлытау облысы прокурорының бірінші орынбасары Қуаныш Рахметов.
Айта кетейік, қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады.