Ұлытау облысында бірнеше шенеуніктің үстінен іс қозғалды

чиновник
Фото: Мухтар Холдорбеков/ агентство Kazinform

ЖЕЗҚАЗҒАН.KAZINFORM - Ұлытау облысының прокуратурасы прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою туралы шараларды қабылдамау фактілері бойынша 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

Мәлім болғандай, тексерістің нәтижесінде сотпен Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары, Жезқазған әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқарушы, Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдерінің орынбасарлары, білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы міндетін атқарушы әкімшілік жауапқа тартылды.

 

Соңғы жаңалықтар