Ұлытау облысында гидротехникалық құрылыстар мемлекет меншігіне қайтарылды

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Сыйымдылығы 11,5 млн м³  «Қылыш» су қоймасының гидротехникалық құрылысы мемлекет меншігіне қайтарылды. 

гидротехникалық нысан
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Прокуратура органдары су қоймалары мен олардың гидротехникалық құрылыстарын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүйелі жұмыс істеліп жатыр.

Гидротехникалық құрылыстарды мемлекетке қайтару азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға, су ресурстарын тиімді басқаруға және заңдылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Прокурорлық шаралар нәтижесінде мемлекет мүддесін қорғау мақсатында бұрын жеке меншікке берілген жобалық сыйымдылығы 11,5 млн м³ болатын «Қылыш» су қоймасының гидротехникалық құрылысы мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта су қоймасын одан әрі пайдалану және оның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі гидротехникалық құрылысты реконструкциялау бойынша құжаттаманы әзірлеуге 16,4 млн теңге бөлді.

Жоба аясында екі сорғы станциясын салу, шлюздерді ауыстыру және жоғары кернеулі электр беру желілерін жүргізу көзделген. 

Айта кетелік Павлодар облысының прокуратурасы 6,5 млрд теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарған еді