Ұлытау облысында жылқылар неден қырылды

Названа причина массового падежа лошадей в Акмолинской области
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – 1 наурыз күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаменті директорының міндетін атқарушы Б.Аймұрзаев пен аталған министрліктің Ветеринарлық бақылау мен қадағалау комитеті биологиялық қауіпсіздік басқармасының жетекшісі М.Мұхтаров жылқылардың қырылу себебін анықтау үшін Ұлытау облысына келді.

Жаңарқа ауданына келген делегация өкілдері мынадай мәліметтерден хабардар болды. 2023 жылдың желтоқсанында және 2024 жылдың ақпанында ауа температурасы төмендеп, жайылымдық жерлерде мұз қатып, жылқылардың жайылуы қиындаған. Соның салдарынан жас және кәрі малдар қырылып қалды. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің мәліметтер базасына сәйкес, ауданда 84,2 мың бас жылқы бар.

Жаңаарқа ауылы мен Қаражал қаласы арасындағы жолдан 23 жылқының өлігі табылды. Оларда бірдейлендіру нөмірлері болмаған және жылқылар бірдейлендіру базасында да жоқ болып шықты. Жануарлардың өліктері арнайы орынға жеткізілді.

Бұған қоса, Жаңаарқа ауданында бірдейлендіру нөмірі жоқ 44 жылқы анықталды. Осылайша, өлген 67 жылқының бірдейлендіру нөмірі жоқ болып шықты. Осыған қарай олардың иелерін де анықтау мүмкін болмай отыр. Ал ветеринарлық станцияларға жылқылардың өлгені туралы ресми шағым түспеген.

«Ұлытау облысында 2 мың бас жылқының және Жаңаарқа ауданындағы жылқылардың тең жартысы қырылғаны туралы мәлімет расталған жоқ. Қазіргі таңда құзырлы орган өкілдері жылқылардың өліктерін тауып, оларды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай Ұлытау облысындағы аудандық аймақтық инспекциялардың бақылауында»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар