Ұлытау облысының әкімі педагогтерге мемлекеттік наградалар табыс етті

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдің білім беру саласына еңбегі сіңген педагогтерге мемлекеттік наградалар табыс етті. 

Ұлытау облысының әкімі педагогтерге мемлекеттік наградалар табыс етті
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Атап айтқанда, ұзақ жылдарын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздар мен ардагерлерге «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдары тапсырылды.

Ұлытау облысының әкімі педагогтерге мемлекеттік наградалар табыс етті
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

— Ұстаз — ұлттың болашағын қалыптастыратын ең қадірлі мамандық иесі. Сіздердің білім мен тәрбие жолындағы адал еңбектеріңіз, жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына қосқан үлестеріңіз қашанда жоғары бағаланады. Бүгінгі марапат — ел болашағы үшін атқарған қажырлы қызметтеріңіздің лайықты жемісі, — деп атап өтті облыс әкімі өз сөзінде.

Ұлытау облысының әкімі педагогтерге мемлекеттік наградалар табыс етті
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі
Ұлытау облысының әкімі педагогтерге мемлекеттік наградалар табыс етті
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, білім саласының дамуына аянбай еңбек ете беретіндерін атап өтті.