Ұлытау облысының әкімі: Тұрғындардың бәрі ресми дін жолында деуге болады

берік әбдіғалиұлы
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде өңірдің діни ахуалын тұрақты деп бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Статистикаға келсек, бізде ақпарат бар. Қазір негізінен ағарту жұмыстарын жүргіземіз. Теологтар, Дін басқармасы тарпынан ағарту жұмыстарын жүргізу шаралары бар. Біреулердің ықпалына түсіп қалған отбасылар бар, келіп жатқан әйелдері, балалары бар. Көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Өткенде Елдос Жұмаділдә деген ұстаз келді. Сол секілді мықты ұстаздар келіп, ағарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ахуал тұрақты деп айтуға болады», – деді аймақ басшысы.

Әкім өңірдегі діни ахуалдың неден шайқалуын болжау қиын екенін айтады.

«Кезінде неге басталып кеткенін айта алмаймын. Дегенмен, қазір бұрынғыдай емес. Арнайы органдардың тергеу, бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізге берген ақпарат бойынша, ахуал – тұрақты. Тұрғындарымыздың бәрі де қазір ресми дін жолында деуге болады. Өз ұстанымында жүрсе де, қоғамның тәртібін қабылдап, ешқандай заңбұзушылық жасап жатқан жоқ», – деді Берік Әбдіғали.

Соңғы жаңалықтар