Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасын Рүстем Нысамбаев басқарады
ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM - Өңірде денсаулық сақтау жүйесіне жаңа басшы тағайындалды, Бұл қызметке көпжылдық тәжірибесі бар хирург келді. Оның еңбек жолы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы жетекші медициналық мекемелермен байланысты, сондай-ақ басқарушылық тәжірибесі де бар.
Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Рүстем Нысамбаев тағайындалды.
Рүстем Серікұлы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Еңбек жолын 2008 жылы Сәтбаев қаласының медициналық-санитарлық бөлімінде бастаған.
2013-2016 жылдары Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» медициналық орталығында қызмет атқарды.
Одан кейін 2016 жылдан 2025 жылға дейін Жезқазған қаласының облыстық көпсалалы ауруханасында бірқатар жауапты қызметтерді атқарды, жарақат бөлімін басқарды және хирургиялық қызметке жетекшілік етті.
2025 жылдан бастап жаңа тағайындауға дейін Сәтбаев қаласының ауруханасын басқарған.
Осыған дейін Шымкент қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы болып Берік Дүйсенов тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.