Ұлытау облысының орталығында қар суы арнайы техникамен шығарылуда

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Жезқазғанда ауа райының күрт жылынуына және жауынға байланысты коммуналдық қызметтер қала көшелерінен жаңбыр суын сорғыту шараларын күшейтіп жатыр деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігі. 

Су тасқыны
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Қаланың автожолдарынан еріген қар суын шығаруға 10 арнайы техника және 40 жұмысшы жұмылдырылды.

Әкімдіктің хабарлауынша қазіргі таңда қаланың автокөлік жолдарында су басуға бейім 5 учаске анықталды.

Қазір барлық учаскелер бақылауда, қажет болған жағдайда арнайы техникалар қосымша жіберіліп жатыр.

акимат области Ұлытау
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар