Ұлытауда 115 коммуналдық қызметкер зейнетақы аударымдарынан қағылған

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысында 10 мыңға жуық азаматтың конституциялық құқығы қорғалды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

әлеуметтік төлем, жәрдемақы
Фото: Еңбекмині

Адам құқықтарын қорғау, оның ішінде конституциялық құқықтардың сақталуын бақылау прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі саналады. Жүргізілген қадағалау жұмысының нәтижесінде Ұлытау облысының прокуратура органдары 9 727 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғады.

Атап айтқанда, Жаңаарқа ауданындағы «Жаңаарқа жылу» коммуналдық кәсіпорнында 115 қызметкерге қатысты зейнетақы және әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген.

Жезқазған қаласында 5 954 мүгедектігі бар адамға мемлекеттік органдардың қажетті құжаттары рәсімделмеген, бұл аталған санаттағы азаматтардың кемсітушілікке ұшырауына әкелген.

— Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, заңбұзушылықтар жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Ұлытауда 7 мың га ауыл шаруашылығы жері мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар