Ұлытаудан Сыр бойына 839 млн текше метр су жіберілді

су тасқыны
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне 839 млн текше метрден астам тасқын суы жіберілді. 

Су тасқыны кезінде Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасынан 839 млн текше метрден астам су жіберілді.

Осының нәтижесінде алғаш рет Кеңгір су қоймасынан жіберілген су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдеріне жетті.

Кеңгір су қоймасынан — 307 млн, Жезді су қоймасынан — 81 млн текше метр су ағызылды. 

Ал Сарысу өзеніндегі «Қызылжар темір жол станциясы» су бекеті арқылы 451 млн текше метр су келді.

«Бүгінгі таңда Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесінің қарқынды су жинағаны байқалады, бұл өңірдің ауыл шаруашылығына оң әсер етуі тиіс. Жиналған су одан әрі облыстағы күріш алқаптарына ағызылады», — деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

Соңғы жаңалықтар