Үлкен Алматы айналма автожолының кейбір жолақтарында қозғалыс уақытша шектеледі

айналма жол
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында (БАКАД) төсемдегі жол белгілерін жаңарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты мамыр айында кейбір жолақтарда қозғалысты уақытша шектеу енгізіледі. Бұл шаралар жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Жаңартылған белгілер жолақтардың шекараларын анық көрсетеді, бұл өз кезегінде жүргізушілерге бағыт-бағдарды жақсартуға көмектесіп, төтенше жағдайлар қаупін азайтады.

Осы ретте Автомобиль жолдары комитеті қозғалысқа қатысушыларды аталған жұмыстардың орындалу кезеңінде жолда қырағы болуға шақырады.

Жұмыстарды айдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram