Үлкен Алматы шатқалында адасып кеткен туристер өздігімен төмен түсе алмай қалған

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Үлкен Алматы шатқалында адасып кеткен екі туристі құтқарды.

Құтқарушылар
Фото: Видеодан алынған кадр

Республикалық жедел-құтқару жасағының Instagram парақшасында құтқарушылар туристтерді төмен түсіріп жатқан сәтінің видеосы шықты. 

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, 25 наурыз күні екі жас азамат Үлкен Алматы шатқалындағы Жапон жолымен жоғары қарай көтерілген. Төменге түсу кезінде олар келген бағыттарынан адасып қалған.

«Сағат 14.30-да көмек көрсету үшін Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына аттанады. Құтқарушылар сағат 15.17-де бірінші туристті, сағат 15.48-де екінші туристті шатқалдан түсіреді», - деп хабарлады РЖҚЖ-ның баспасөз қызметі.

Құтқарушылар тауға шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін есте сақтауды, көмек қажет болған жағдайда, 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар