Үлкен Алматы шыңынан жасөспірім құтқарылды
АСТАНА: KAZINFORM - Алматы облысының тауларында 2600 метр биіктікке шығып, өз бетінше түсе алмай қалған жасөспірім құтқарылды.
"Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Талғар ауданындағы биіктігі 2 600 м «Үлкен Алматы шыңы» тауында 16 жастағы жасөспірімді құтқарып, төменге түсірді. Ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмаған" делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Жас туристке медициналық көмек қажет болмады.