Үлкен Алматы айналма тас жолы жобасына қатысатын консорциум 26 қарашада белгілі болады

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі нысандарының бірі ретінде концессияның тартымдылығын арттыру және оны кеңінен қолдану үшін 2013-2015 жылдары Еуропалық қайта құру және даму банкі және өзге де халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп заңнамаға өзгерістер енгізілді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, Заңнамаға «тұтыну кепілі» және «қолжетімділік үшін төлем» тетіктері енгізілген. Концессиялық жобалар бойынша кредиторлар, концеденттер және концессионерлер арасында «тікелей келісім» енгізу, валюта тәуекелін өтеу мүмкіндігі ен халықаралық арбитраж енгізу ерекше мәнге ие.
«Бұл жаңашылдықтар Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы бойынша байқау жариялауға мүмкіндік берді. Аталған жоба бойынша 4 консорциумның қатысуымен екінші кезең конверттерін ашу ағымдағы жылдың 26 қарашасына жоспарланған», - деді министр.