Үлкен Алматы көлінде фотоға түсіруге тыйым салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы көлінде фотоға түсіруге тыйым салынды. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде фотограф Олег Белялов жариялады.
«Бүгін Үлкен Алматы көлінде, бірінші рет фотоға түсіруге тыйым салынды.. Табиғаттың жауы - фотограф екен», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл тыйымның нендей мағына білдіретінін түрліше жоспарлауда. Олардың бірі «паркті біреу жекешелендіріп алды» десе, екіншісі «төтенше жағдай салдарынан» деп жорамалдауда.
Осы оұиға бойынша қалалық табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану басқармасынан түсініктеме алу мүмкін болмады.