Үлкен Алматы көлінде сырғанаған бойжеткен Қайыңдыда ролик түсірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанауымен көзге түскен Ксения Панкратова Көлсайдағы Қайыңды көлінде ролик түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл видео Ксенияның Instagram парақшасында жарияланды.

«Қайыңды көлінің ғажайып сұлулығы! Суық! Аяқ астында тырсылдап жарылған мұз. Бұл шынайы табиғат үні», - деп жазды ол видеоға түсініктеме ретінде.

Ксения қауіпті жағдайда сырғанаған. Түсірілім кезінде мұз еріп, сықырлап жарылып жатқан.

Айта кетерлігі, осы жолы спортшы қызға қалалық туристік орталық тапсырыс берген. Орталық осы видео арқылы Қазақстанның туристік мүмкіндігін арттыра түспек.

Айта кету керек, алматылық мәнерлеп сырғанаушы, бапкер Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанап видео түсірген болатын. Бұл видеоролик әлеуметтік желіде тарап, 2 апта ішінде 1 миллион адам тамашалаған.

Сонымен қатар, жақында КсенияРесейдің «Первый канал» арнасының «Видели видео» бағдарламасында қонақта болды. Бағдарлама қонақтары да сұхбат үстінде бойжеткеннің таланты мен Қазақстанның табиғатына тамсанумен болды.

Соңғы жаңалықтар