08:10, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Үлкен андронды коллайдердің жұмыс кестесі бекітілді
МӘСКЕУ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат – Ядролық зерттеулердің Еуропалық ұйымының басшылығы Үлкен андронды коллайдердің жаңа жұмыс кестесін бекітті.

Ақаудың салдарынан 2008 жылдың қыркүйек айында тоқтатылған үлкен андронды коллайдер немесе элементарлы бөлшектердің тарихтағы ең қуатты үдеткіші ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Коллайдерді іске қосуға қатысты ұсынысты өткен жұма күні Ядролық зерттеулердің Еуропалық ұйымының қызметкерлері француздың Шамони қаласында өткен конференция барысында мақұлдап еді. Енді құжатты ұйымның директораты қолдап отыр. Ұйымның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жаңа кесте, протондардың алғашқы түйіршіктері 27 шақырымдық үдеткіш шеңберімен қыркүйек айының соңында айнала бастайды, ал қарсы түйіршіктердің алғашқы соқтығысы үдерістері қазан айының соңында орын алады. Ғалымдар осынау тәжірибенің көмегімен Хиггс бозоны туралы мәліметтер алмақ ниетте. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы қыркүйектің 19-ында электр тізбегіндегі ақаудың салдарынан коллайдер магниттері қызып кетіп, нәтижесінде екпін беру туннеліне алты тонна сұйық гелий төгілуінің салдарынан істен шыққан болатын.