Үлкен ауылындағы АЭС құрылысы: Тұрғындар не дейді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылында алдағы уақытта салынуы жоспарланған атом электр стансасының құрылысына қатысты жария талқылау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үлкен ауылындағы АЭС құрылысы: Тұрғындар не дейді
Фото: Pixabay

Талқылауға жергілікті тұрғындар, журналистер, қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар, Алматы облысы әкімдігінің, Энергетика министрлігінің қызметкерлері, экология, сейсмика, қауіпсіздік, энергетика, инфрақұрылым салаларының сарапшылары, белсенділер қатысты. Үлкен ауыл мектебінің үлкен залында өткен іс-шара барысында АЭС құрылысын жақтаушылар да, оған қарсылық танытқандар да болды.

Дегенмен, Үлкен ауылының тұрғындары өңірде атом энергетикасын дамытуды қолдап отыр. Олар атом электр стансасының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен мәні бар екендігін айтады. Солардың бірі Диана Третикова Үлкен ауылында 1986 жылдан бері тұрып келеді.

«20 жылдан астам уақыттан бері Үлкен ауылында сумен жабдықтаумен және су бұрумен айналысып келемін. Әрине, АЭС құрылысын толықтай қолдаймын. Біз алға қарай ілгерілеуіміз қажет. АЭС-тің осы жерде не болмаса басқа өңірде салынғаны маңызды емес. Ең бастысы Қазақстанда катом стансасының болуы. Өндіріс дамуы тиіс. Бізде электр энергиясының тапшылығы байқалады. Осы жылдың өзінде оны байқадық. Қазақстанның болуы қажет. Біз Еуропаның дамыған елдерімен қатар дамуымыз керек деп есептеймін», - деді ауыл тұрғыны.

Ауылдың тағы бір тұрғыны да атом электр стансасының салынғанын қолдайды.

«АЭС бізге қажет. Егер электр энергиясынсыз қалсақ қалай өмір сүрмекпіз. Оның үстіне АЭС жаңа жұмыс орындарын ашады. Сондықтан да мен қолдаймын. Меніңше, АЭС қазақстандықтардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгертеді. Өзге елдерде де АЭС бар, адамдар тұрып жатыр. Бәрі жақсы, бізде де бәрі жақсы болады. Болашақта онда балаларымыз, немелеріміз жұмыс істейді. Оларды да ойлауға тиіспіз», - деді ол.

Үлкен ауылында 40 жылдан бері тұратын Рахима Қайырбекова да Қазақстанның болашағы үшін АЭС қажет екендігін айтады.

«Біз бір-бірімізге құлақ асуымыз қажет. Ауыл тұрғындары АЭС құрылысын қолдаймыз. Ол тек біздің ауылымыз үшін ғана емес бүкіл еліміз үшін керек. Қазақстанның болашағына сенемін. Сарапшылардың, атомшылардың шешімімен келісемін. Президентіміз, Үкіметке сенемін. Қазақстанның гүлденгенін қалаймын. Өркениетте өмір сүргіміз келеді. Балаларымыздың болашағы үшін қолдаймыз», - деді ол.

Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың айтуынша, тұрғындардың 90 пайызы АЭС құрылысын қолдап отыр.

«Адамдар АЭС маңыздылығын жақсы түсінеді. Әрбір кездесуде адамдар құрылыс қашан басталатындығын, жалпы атом станса қашан салынатындығын сұрайды. Тұрғындар элпектр энергиясы тапшылығын сезініп отыр. Сондықтан да біз бұл жобаны жүзеге асыруымыз қажет. Көптеген сарапшы да құрылысқа қолдау білдіруде. Біз АЭС салуымыз қажет. Бұл – жаңа жұмыс орны, инвестиция, ауылдың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты», - деді аудан әкімі.