Үлкен Буш АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің арасындағы ең егдесі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үлкен Джордж Буш аман-сау өмір сүріп жатқан Құрама Штаттың бұрынғы президенттері арасындағы ең егдесі атанып, Америка тарихындағы өзіндік рекорд орнатты.
None
None

 Сенбі күні Американың 41-ші көшбасшысына 93 жас 166 күн болған, деп хабарлайды ТАСС.

Осылайша, ол АҚШ-тың 38-ші президенті Джеральд Фордтың ұзақ өмір сүру бойынша орнатқан рекордын жаңартты. Джеральд Форд 2006 жылдың желтоқсанында 93 жас 165 күн болғанда қайтыс болған.

Үлкен Буштың орнатқан рекорды туралы Сент-Луис қаласында (Миссури штаты) тұратын 15 жастағы оқушы Гейб Флайшер Twitter-де жазған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум