18:19, 15 Қазан 2017 | GMT +5
«Үлкен дулығаға» қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26-28 қазан күндері Әбу-Дабиде дзюдодан әлемдік «Үлкен дулыға» турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Әлемнің 50 елінен 323 дзюдошысы тіркелген халықаралық додаға Қазақстан құрама сапынан 10 спортшы қатысады.
Ерлер:
Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)
Елдос Жұмақанов (66 кг)
Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)
Бекәділ Шаймерденов (73 кг)
Ерасыл Сәкенұлы (73 кг)
Қажымұқан Өтеулиев (81 кг)
Виктор Демьяненко (-100 кг)
Қыздар:
Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
Назгүл Құбашева (63 кг)
Зере Бектасқызы (70 кг)