Үлкен Джордж Буш мойын омыртқасын сындырып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті 91 жастағы үлкен Джордж Буш АҚШ Мэн штатындағы үйінде құлап, мойын омыртқасын сындырып алды.

Үлкен Джордж Буш мойын омыртқасын сындырып алды

Қазір ол ауруханада, жағдайы тұрақты, деп хабарлады РИА Новости.

"АҚШ-тың қырық бірінші президенті Мэндегі өз үйінде құлап, мойын омыртқасын сындырды. Жағдайы тұрақты, мойын корсетімен оралады", - деп хабарлады оның өкілі Джим Макграт (Jim McGrath) Twitter-дегі әлеуметтік парақшасында.