«Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы ҚХА жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтеруі тиіс - Н.Шаяхметов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтеруі тиіс.

«Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы ҚХА жұмысын жаңа сапалық деңгейге  көтеруі тиіс - Н.Шаяхметов

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифингте «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми қызметінің басшысы Нұрбек Шаяхметов айтты.

«Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтеруі тиіс. Ол үш тұжырымдалық бағыттарға сүйенеді. Ең біріншісі -қайырымдылық. Неге бізге данышпан әл-Фараби айтқандай, қайырымды ел тұрғындары болмасқа? Екінші тұжырымдамалық негіз - ол қоғамда медиация институтының дамуы. Үшіншісі - қоғамдық бақылау рөлінің күшеюі. Міне, осы бағытта негізгі кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады», - деді Н.Шаяхметов.

Ол өз сөзінде «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясындағы шаралар қоғамдық-бұқаралық, қайырымдылық, ғылыми-танымдық бағытта өрбитіндігін атап өтті.

Оның айтуынша, өткізілген экспедицияның мақсаты еліміздің, халқымыздың тарихи-мәдени, рухани құндылықтары мен мұралары негізінде қазақстандық билікті, ұлттық бірлікті нығайту, одан ары дамыту болған.