Үлкен нарықтарға шығу үшін түркі елдерімен серіктесу қажет - Әлтаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан үлкен нарықтарға шығу үшін түркі елдерімен серіктесуі қажет. Бұл жайында бүгін елордада өтіп  жатқан Түркітілдес мемлекеттер іскерлік кеңесінің 5-отырысы барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев  мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үлкен нарықтарға шығу үшін түркі елдерімен серіктесу қажет - Әлтаев

«Өзбек, әзербайжан, қырғыз және түрік әріптестерімізбен барынша байыпты түрде серіктесуіміз  қажет. Әсіресе, біздің әзірше тәжірибеміз жоқ бірқатар өнім түрлері бойынша жұмыстарды жандандыру керек. Яғни, біз ешқашан ондай өнімді өндірген емеспіз.  Бірақ, ондай өнім Түркияда бар. Олардың тәжірибелері мол. Біз олармен серіктесіп, тәжірибелерін, технологияларын алуымыз керек. Жалпы, олар мұндай серіктестікке дайын», - деді Нұржан Әлтаев.

Оның сөзіне қарағанда, Қытай нарығына экспорттау үшін термиялық жолмен өңделген тауық сирағы мен ноқат (нут), ал араб елдеріне жасымық перспективалы тауар  бола алады.