Үлкен панда «жойылу қаупі бар» түрлер қатарынан шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық табиғатты қорғау және табиғи ресурстар ұйымы үлкен панданы Қызыл кітаптағы «жойылу қаупі бар» түрден «аз» түріне ауыстырды, деп хабарлады Gazeta.ru.
«Қытай билігінің жетекшілігімен он жыл бойы күш салудың арқасында қауіптілік деңгейі төмендеді, бұл үлкен панда секілді маңызды жануарлар түрлерін сақтап қалуға жұмсалған қаражаттың ақталатынын көрсетеді», - деп мәлімдеді Қытайдағы WWF атқарушы директоры Ло Цзе Пин.
WWF бас директоры Марко Ламбертини қытайлық әріптестерінің қажыр-қайратына қарамастан, үлкен пандалардың әлі де сирек түрге жататынын, әлі қауіп бар екенін айтты.
Табиғатты қорғау ұйымы алғаш рет 2014 жылы үлкен пандалар санынын өскенін байқады, онда бұлардың саны 17% ұлғайған еді.