Үлкен саясатқа тағы бір Кеннеди келмекші
ВАШИНГТОН. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат – Даңқты кеннедилер әулетінің тағы бір өкілі өз күшін үлкен саясатта сынап көрмекші.
Марқұм сенатор Роберт Кеннедидің ұлы және АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің жиені 45 жасар Кристофер Кеннеди демократиялық партияның тізімі бойынша Иллинойс штатынан сенаторлық орынға сайлауға түсу туралы бас қатыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Егер Кеннеди сайлауға түсуге шешім қабылдаса өткен жылдың қарашасында АҚШ президенті болып сайланғанға дейінгі Барак Обаманың орны үшін күресетін болады. Қазір Иллинойстен сайланған сенатор - 71 жастағы Роланд Беррис.АҚШ Конгресіндегі келесі аралық сайлау 2010 жылғы қарашада өтеді.