Үлкен теннис: Кукушкин Олимпиадаға бармайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Олимпиадаға бара алмайтынын хабарлады.
«Өкінішке қарай, Уимблдон турнирінде алған жарақатыма байланысты мен Олимпиадада өнер көрсете алмаймын. Бірақ, US Open мен Дэвис Кубогына дайын болуға бар күшімді саламын», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасына.
ATP рейтингі бойынша Михаил Кукушкин (Қазақстанның бірінші ракеткасы) 51 орында тұр.