11:23, 13 Наурыз 2024 | GMT +5
Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні жүруі мүмкін
АЛМАТЫ. KAZINFORM – 13-15 наурыз күндері Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні жүруі мүмкін.

«2024 жылдың 13-15 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның күтілуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін»,- деп хабарлады Қазгидрометтен.
Осыған орай ведомство тұрғындарды қар басқан беткейлерге шықпауға, мүмкіндік болса тауға бармауға шақырды.