Үлкендігі тауықтың кішігірім жұмыртқасындай бұршақ жауды
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатында үлкендігі кішігірім тауықтың жұмырқасындай бұршақ жауған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кейбір ірі бұршақ көліктердің шынысын сындырып жіберген, деп хабарлайды, BNews.kz ВВС орыс қызметіне сілтеме жасап.
Полиция 3 адамның жарақаттанып, ауруханаға түскенін хабарлады, ал қаза тапқандар жайлы дерек жоқ.. Апат кезінде Далласта ағаштар мен шатырлар қирап қалған, 6 мыңдай тұрғын үй электр жарығынсыз қалды.Бұршақ салдарынан келген шығын жүздеген миллион долларға жетуі ықтимал.