Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың жаңа кітабының тұсаукесері өтті

АСТАНА. 4 шiлде. ҚазАқпарат - Елордада Астана күнінің 15 жылдығы мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабының тұсаукесері өтті.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына Назарбаев орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.

Кітаптың таныстырылымына ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, «Назарбаев орталығы» ММ қызметкерлері мен оқу орындарының, ұйымдар мен мәдени мекемелердің басшылары, өнер қайраткерлері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.

Тұсаукесер рәсімін ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков ашты.

«Кітапта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ойлары мен сөйлеген сөздері, мақалалары мен бұрынғы туындыларындағы тұжырымдары топтастырылған. Әр түрлі тақырыптарға арналған туындылар жиынтығы оның тұлға, мемлекет қайраткері, саясаткер ретіндегі философиялық кредосын айқындап қана қоймайды, тұтастай алғанда, қазіргі Қазақстанның тарихи келбетін көз алдыңызға алып келеді», - деп атап көрсетті М.Қасымбеков.

Оқырмандар тарапынан үлкен сұранысқа ие болған бұған дейін Н.Ә. Назарбаевтың «Туған елім - тірегім» (2001), «Өзекжарды ойлар» (2003), «Ой бөлістім халқыммен» (2006), «Мыслями с народом поделюсь» (2007) туындылары жарық көріп, библиографиялық сирек дүниелерге айналды.

Кітаптың таныстыру салтанатына ҚазҰӨУ Қорқыт ата мұрасын зерделеп, Ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Алдан Смайыл, ҚР Парламентінің Сенат депутаты Жабал Ерғалиев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптау кеңесінің хатшысы Наталья Калашникова, жазушы Дүкенбай Досжан, С.Сейфуллин мұражайының директоры, ақын Несіпбек Айтов, және басқалар қатысып, пікір білдірді.

Енді Тұңғыш Президент кітабының тұсаукесері халықтың арасында кеңінен таралуы мақсатында Қазақстанның басқа да аймақтарында өтеді.

Соңғы жаңалықтар