Ұлт жоспа­рындағы Елбасы тапсырмасын іске асыруда тағы бір өрелі іс өмірге жолдама алуға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің «Инвестициялық сот - экономикалық өсімнің кепілі» атты мақаласы жарық көрді.

Ұлт жоспа­рындағы Елбасы тапсырмасын іске асыруда тағы бір өрелі іс өмірге жолдама алуға дайын

Автор өз мақаласында «Елбасының заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде Ұлт жоспа­рындағы тапсырмасын іске асыруға байланысты тағы бір өрелі іс өмірге жолдама алуға дайын. Атап айтқанда, инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында және соттарға деген сенімді одан сайын арттыру үшін Астана қаласында инвестициялық дауларды қарайтын жүйе құру қолға алынуда. Бұл жүйенің басты ерекшелігі, сот процестері қысқа мерзімде, барынша жеңілдетілген жағдайда жүргізілмек. Инвестициялық даулардың сапалы қаралуы судьялардан бірқатар тиісті салалар мен құқықтық институттарға арнайы бейімделген білімділікті, жалпы алғанда, дауларды шешуде неғұрлым практикалық тұрғыда машықтануды талап етеді. Сот жүйесінің алдында тұрған өзек­ті мәселенің бірі - кәсіпкерлік субъек­тілері қатысатын сот істерінің қаралуын жеделдету, сот өндірісін жеңілдету, төрешілдік ресімдерді азайту», - деп Президент тапсырмасын жүзеге асыруда сот жүйесінің алдында тұрған келелі міндеттерге нақты тоқталып өткен.

Қ. Мәми атап өткендей, бүгінде елде сот-құқық реформа­сының жемісті жүргізілуі Елбасының соттарға ұдайы қамқор болуының нақты дәлелі. Мемлекет басшысы азаматтардың бостандығы мен құқықтарының қырағы қорғалуын әрдайым өзінің назарында ұстап келеді.

Мұнымен қатар Елбасы тапсырмасына орай, «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарының 23-қадамында инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру, Жоғарғы Сотта ірі инвес­торлар қатысатын дау­ларды қарау үшін Инвестициялық алқаны ұйымдастыруды тапсырды. Бұл тапсырмадан қандай міндеттер туындайды? Мақалада осы сұраққа байланысты нақты жауап қайтарылған.