Ұлтаралық татулық пен келісім болмаса, ешқандай реформа жүргізу мүмкін емес - сарапшы З. Қабылдинов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлтаралық келісім мен татулық мәселелері шешілмей, ешқандай реформаны жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгін Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Халықтар келiсiмi» қоғамдық қорының директоры Зиябек Қабылдинов осылай айтты.

Ұлтаралық татулық пен келісім болмаса, ешқандай реформа жүргізу мүмкін емес - сарапшы З. Қабылдинов

Сөз арасында сарапшы соңғы уақытта Қазақстанды әлем танып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, елімізде экономика қарқынды дамып келедi, бiлiм мен ғылым, мәдениет салаларында айтарлықтай жетiстiктерге қол жеткiзілді.

«Қазіргі таңда мәселен, «Астана», «Қазақстан», «Назарбаев» сөздерi тұрақтылық пен экономикалық өсiм секiлдi сөздердiң синонимiне айналып отыр. Бұның өзі Қазақстанның әлемге толеранттылық пен ашықтықтың үлгiсiн көрсетiп отырғанын білдіреді. Қазақстандық көк төлқұжатты әлем таниды. Қазақстан көптеген игi бастамаларға ұйытқы болды. Атап айтқанда, Қазақстанда Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерінің съезiн өткізу дәстүрге айналды, ЕЫҚҰ саммитi өттi, ал 2017 жылы Қазақстанда ЭКСПО халықаралық көрмесi өтедi. Осы барлық игi бастамалар мен өзгерiстердiң негiзiнде ұлтаралық келiсiм жатқаны даусыз. Ал ұлтаралық татулық пен келісім болмаса, ешқандай да реформа жүргізу мүмкін емес», - дедi Қор басшысы.