Ұлтсыз мемлекет, ал мемлекетсіз болашақ жоқ - Алматы қалалық ҚХА Хатшылығының меңгерушісі
АЛМАТЫ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Қазақстанның ел бірлігі доктринасы - халықтың бірлігінің негізі" деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр.
"Бұл доктринаны әзірлеу үшін саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, ассамблея мүшелері қатысқан арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз ұлт жоқ, ұлтсыз мемлекет жоқ, ал мемлекетсіз болашақ жоқ", дейді Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Әлия Тұрсымұратова.
Ә. Жақыпқызының айтуынша, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған бұл шараның басты мақсаты - Қазақстанның ел бірлігі доктринасының негізгі қағидаларын этнос өкілдеріне түсіндіру. Оған доктринаны әзірлеушілер, қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері қатысуда. Доктрина сәуірдің 29-ында қабылданып, мамырдың 18-інде оны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарын Үкімет мақұлдаған болатын.