Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Израильмен тең түсті

26 қарашада футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасының 5-туры аясында Израильмен екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Kazinform Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

футбол
Фото: Sports.kz

Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды. 

Айта кетейік, командалар алғашқы ойынын үш күн бұрын өткізген болатын. Бірінші кездесуде Қазақстан құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында келеді. Бірінші орында 7 ұпайы бар Израиль тұр.